"Атырау қалалық білім бөлімінің №17 мектеп-лицейі" МКМ
0
Жарғы

8. Мектеп-лицеймен білім алушылардың және (немесе) олардың ата-аналарымен өзге де заңды өкілдерінің қарым-қатынасын
рәсімдеу және регламенттеу (Мектеп-лицей формасы)

82. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – Мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
Мектеп-лицей формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп-лицей формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.
83. Мектеп-лицей формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
84. Мектеп-лицей формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
85. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка).
Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
86. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, ақ, көк бантик (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
87. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.

88. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
89. Мектеп-лицей формасына классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар келетін галстук тігіледі.
90. Мектеп-лицей  формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
91. Білім  беру  ұйымдарының қызметі тиісті  үлгідегі  білім  беру  ұйымдары  қызметінің  ережелерімен  және  жоғарыда көрсетілген  талаптар  ата-аналармен  бірге  жарғыға  сай  келісім  шарт  негізінде  жүзеге  асырылады.
92. Мектеп-лицей формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет және галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.
93. Мектеп-лицей формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
94. Мектеп-лицей формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.
95. Мектеп-лицей формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады.
96. Мектеп-лицей формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады.
97. Мектеп-лицей формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
98. Мектеп-лицей формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады.
99. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.

«Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне

қарасты «№17 мектеп-лицейі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

  1. Мектеп-лицеймен білім алушылардың және (немесе) олардың ата-аналарымен өзге де заңды өкілдерінің қарым-қатынасын

рәсімдеу және регламенттеу

 

  1. Білім алушылар:

1) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

2) мұғалімдер кеңесінің шешімімен жалпы міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, жеделдетілген білім беру бағдарламалары бойынша оқуға;

3) өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметін пайдалануға білім алуға, оқу жоспарларына сәйкес баламалы курстар таңдауға;

4) Мектеп-лицейді басқаруға қатысуға;

5) Мектеп-лицейге қайта қабылдануға және оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысуға;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдары кітапханаларының ақпараттық ресурстарын тегін пайдалануға, оқулықтармен тегін қамтамасыз етілуге;

 

12

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен халықты жұмыспен қамту саласының жағдайы туралы ақпарат алуға және кәсіби- диагностикалық зерттеуден өтуге;

8) өз пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

9) өзінің адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

10) оқудағы ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға;

11) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге;

12) оқу процесінен алаңдатылмауға;

13) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес басқа да (білім алушылардың жекелеген санаттары үшін) жеңілдіктер алуға;

14) мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттары көлемінде білімді, шеберлік пен практикалық дағдырларды меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;

15) Жарғыда көзделген, басқа да міндетті талаптарды орындауға;

16) өздерінің денсаулығына көңіл бөлуге, рухани және дене бітімін өздігінен жетілдіруге ұмтылуға құқылы.

  1. Білім алушылар міндеттерін бұзғаны үшін оларға қолданыстағы заң талаптарында және осы Жарғыда көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.
  2. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – Мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

Мектеп-лицей формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп-лицей формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

  1. Мектеп-лицей формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.
  2. Мектеп-лицей формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
  3. Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка).

         Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

  1. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, ақ, көк бантик (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
  2. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.

 

  1. Оқушылардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері:

1) балалардың өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшін дамытуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

2) бес (алты) жасында балалардың мектепке барар алдындағы дайындығын қамтамасыз етуге, ал алты (жеті) жастан бастап жалпы білім беретін Мектеп-лицейге беруге;

3) Мектеп-лицеймен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға;

4) балаларының Мектеп-лицейге баруын қамтамасыз етуге;

5) балаларының Мектеп-лицейдің ішкі ережелерін орындауына, Мектеп-лицейге мектеп формасын сақтап келуін қамтамасыз етуге міндетті.